Каспий маңы елдерінің басшылары қандай құжаттарға қол қоймақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылатын болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық департаментінің директоры Арман Исетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздер 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілгені белгілі. Енді міне сол келіссөздердің қорытындысы - негізгі құжатқа қол қою. Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды», - деді ол БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуына қарағанда, кездесуге барлық Каспий маңы елдерінің басшылары келеді деп күтілуде. Саммит аясында бірқатар үкіметаралық келісімге қол қою да жоспарланған. Құжаттар көлік, сауда-экономикалық ынтымақтастық, Каспийдің қауіпсіздігі, оның ішінде терроризммен, қылмыспен күрес, Каспий маңыз мемлекеттердің шекаралық ведомстволарының өзара іс-қимылы салаларындағы қарым-қатынастарды қамтиды.

Саммит 12 тамыз күні Ақтау қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар