Каспий маңы елдері Ашхабадта браконьерлер проблемасын талқылап жатыр

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат - Ашхабадта өңірлік деңгейде Каспий теңізінде биологиялық ресурстарды заңсыз өндіруге (браконьерлік) қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманың жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Түрікменстан астанасындағы отырысқа Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстанның тиісті министрліктері мен ведомстволарының уәкілетті өкілдері жиналды. Күн тәртібінде Хаттама жобасының мәтіні, осы құжаттың орындалуына жауапты құзырлы органдарды айқындау, т.б. мәселелер тұр.

Шараны Түрікменстан СІМ, Өнеркәсіп және коммуникация министрлігі, Түрікменстан президенті жанындағы Каспий теңізі мәселелері жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын ұйымдастырып отыр.

Каспий теңізі - құрлық ішінде орналасқан әлемдегі ең үлкен су айдыны. Теңіз оны жағалай орналасқан елдердің климатын да қалыптастырады. Оның үстіне, теңіздің жергілікті флорасы мен фаунасы қалыптасқан. Атап айтқанда, Каспийде бекіре балығының әлемдегі ең ірі қоры бар.

Соңғы жаңалықтар