Каспий күні мерекесіне орай велошеру өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда Каспий күні мерекесіне орай велошеру өтті. Оған 200-ге жуық қала тұрғыны мен мемлекеттік қызметшілер қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Велошеру қаладағы теңіз жағалауында орналасқан «Мифтер алаңынан» басталып, «I love Aktau» инсталляциясына дейінгі аралықты қамтыды. Жалпы қатысушылар 3,5 шақырымды еңсерді.


«2006 жылы 12 тамызда күшіне енген Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенцияны (Тегеран конвенциясын) жүзеге асыру процесіне көпшілікті тарту мақсатында Каспий аймағындағы барлық бес мемлекетте Каспий күні атап өтіледі. Қазақстан бойынша Каспий күні жыл сайын Маңғыстау және Атырау облыстарында мерекеленеді. Негізгі іс-шара Ақтау қаласында Каспий теңізінің әсем жағалауында Маңғыстау облысы әкімдігімен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және Тегеран конвенциясы Хатшылығымен ынтымақтаса өткізіледі», - дейді Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құспеков.


Қатысушыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Олардың айтуынша, бастысы жеңіске жету емес – салауатты өмір салтын ұстану, мерекеге үлес қосу.

«Қазақстан үшін, әсіресе Ақтау қаласы тұрғындары үшін Каспий теңізінің қоршаған ортасының проблемаларына қоғамның ынта-ықыласын аударуға ықпал ететін Каспий күні – ерекше мереке!», - деді қала тұрғыны Асқар Сағитжан.


Соңғы жаңалықтар