Каспий құбырын Ресей мемлекет меншігіне алса, Қазақстан мұнайы қалай экспортталады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумын Ресей мемлекет меншігіне алса, Қазақстан мұнайы қалай экспортталады? Энергетика министрі Болат Ақшолақов осы мәселе туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселе туралы біз ештеңе білмейміз. Шындығында, ол туралы бізде ешқандай ақпарат жоқ. Ешқашан талқыланған жоқ. Бірақ мұнай құбырына кез келген инфрақұрылым сияқты жұмыс істеген керек. Біз үшін мұнай экспорттау мүмкіндігінен гөрі, мұнай айдау процесінің үзілмеуі маңызды. Өйткені, мұнай өндіру қабілетіміз бен мүмкіндігіміз осыған байланысты. Ең бастысы тек мұнай өндіру ғана емес, оны сату керек», - деді Болат Ақшолақов ҚР Президентін ұлықтау рәсімінің алдында.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның мұнай өндірісінің көлемін ұлғайту мүмкіндігі туралы пікір білдірді.

«Бәрі инфрақұрылымның дайындығына байланысты. Біріншіден, ұңғымалардың өзі, екіншіден, әзірлеу бекеттері дайын болғаны керек. Өйткені мұнай таза күйінде алынбайды. Оны әзірлеп, газдан ажырату керек. Бұл - тұтас пороцесс. Мұнай өндірісінің көлемін арттыру инфрақұрылым салумен тікелей байланысты», - деді Энергетика министрі.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі өтті.


Соңғы жаңалықтар