+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Каспий құбыры консорциумы мұнай экспортын 11,8 пайызға арттырды

2018 жылғы 2 тамыз 11:34
Бөлісіңіз:
Каспий құбыры консорциумы мұнай экспортын 11,8 пайызға арттырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде Каспий құбыры консорциумы 35,48 млн тонна мұнай экспорттады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 11,77 пайызға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Каспий құбыры консорциумы мәліметіне қарағанда, биылғы шілдеде мұнай экспорты 5,158 тоннаға жетті, ал былтыр осы айда бұл көрсеткіш 4,465 млн тоннаны құраған еді.

КҚК құбыр жүйесі - ТМД аумағындағы шетелдік капиталдың қатысуымен жүзеге асырылған ең ірі жобалардың бірі. Оның Теңіз - Новороссийск құбыр желісі 1 511 километрге созылып жатыр. Осы маршрут арқылы Қазақстан экспорттайтын бүкіл мұнайдың үштен екісі жіберіледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Каспий құбыры консорциумы 67 млн тонна мұнай өткізу жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, 2018 жылы Каспий құбыры консорциумы өз қызметіне тарифтерді өзгертпейтіні мәлім болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT