Каспий құбыр желісі консорциумын кеңейту мәселесі жыл соңына дейін келісілмек - С. Мыңбаев

None
None
күйектің 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2009 жылы мұнай өндіру 75 миллион тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Еуразиялық энергетикалық форумда ҚР Энергетика және минералдық  ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылы мұнай өндіру 75 миллион тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Осы көрсеткіш  2008 жылға қарағанда 6,2 пайызға жоғары. Бұл өз кезегінде әлемдегі мұнай өндіру көлемінің 1,8 пайызына жетіп оты», - деді министр.

С. Мыңбаевтың сөзіне қарағанда, Каспий құбыр желісі консорциумын жылына 67 миллион тоннаға дейін, оның ішінде қазақстандық мұнай үшін 50 миллион тоннаға дейін кеңейту қарастырылуда.

Оның айтуынша, Каспий құбыр желісі  консорциумының акционерлерінің 100 пайызы  жобаны кеңейтуді қолдап отыр. Сонымен қатар, жобаны нығайту бойынша 2,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын  жоба әзірленіп, оны жүзеге асырудың тиісті ұстанымдары қамтылған меморандумға қол қойылған.

Атап айтқанда, енді жобалық құжатнама дайындау жүргізіліп жатқандығын жеткізген министр, жақын арада құбыр желісін кеңейту бойынша кейбір мәселелер шешілгеннен кейін биылғы жылдың соңына дейін бұл жобаны бекіту жоспарланып отырғандығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар