Каспий құбыр желісі консорциумы мұнай өндіру жоспарын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Каспий Құбыр желісі Консорциумы-К» АҚ бас директоры Николай Горбань мұнай өндіру жоспарын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің жоспарымыз әдеттегідей жаһандық сипатқа ие. 67 миллион тоннаға жуық өтінім бар. Мұндай жағдайға мұнай өндірушілердің бізге бұл көлемді қаншалықты беретініне байланысты. Бірақ біз 67,5 миллион тонналық алғашқы өтінімді қабылдауға дайынбыз», - деді Николай Горбань Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевтың айтуынша, компания былтыр Қытайға 12 млн тонна мұнай экспорттаған.

«Бірақ 2021 жылы Батыс Қазақстаннан Қытай бағытындағы біздің мұнай құбырының қуаттылығы 20 млн тонна болатынын ескеруіңіз керек. Бірақ баға жағдайына байланысты бізге Қара теңіз нарығы тиімдірек. Қытай бағытында мұнай Ресей арқылы жеткізіледі. Біз Ресейден Қытайға 10 миллион тоннадан астам мұнайды Қазақстан арқылы транзитпен тасымалдаймыз. Демек, бұл жағдай біздің экономикамызға да тиімді. Менің ойымша, осы жылы да 12 млн тонналық көрсеткіш өзгеріссіз қалады», - деп қорытындылады Данияр Берлібаев.


Соңғы жаңалықтар