Каспий құбыр консорциумының жұмысы жандана бастады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – ТАСС - Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жөндеуден кейін Новороссийск маңындағы теңіз терминалында үшінші шығарылатын айлақ (ВПУ-3) жұмысын қайта бастады.

ВПУ-2 зақымданғаннан кейін әлі пайдалануға берілген жоқ, деп мәлімдеді компания өкілдері. Бұл туралы ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылдың 23 сәуірінде КҚК теңіз терминалында ВПУ-3 жөндеу жұмыстарынан кейін пайдалануға берілді. Ауа райының қолайлы болуы қысқа мерзім ішінде сүңгу жұмыстарын жүргізіп, суасты құбыр манифольдының түбін ашуға мүмкіндік берді», - деді компаниядан.

ВПУ-2 наурыз айының соңында зақымдалып, уақытша жұмыс істемейді. ВПУ-1 штаттық режимде қызмет етіп тұр.

Еске салсақ, наурыз айының соңында Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді. Бұл Қазақстанның мұнай өндіру көлемі қысқаруына алып келуі мүмкін екені айтылды.

Кейін ҚР Р Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы жағдайды баяндады.

«Жүйедегі аталған ақау күрделі болғандықтан Каспий құбыр консорциумы жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болып отыр», - деді министрлік.



Соңғы жаңалықтар