Каспий құбыр консорциумының қуатын 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр
2021 жылғы 16 қараша 11:52

Каспий құбыр консорциумының қуатын 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумының қуатын 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Бұл жайында Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Каспий құбыр консорциумы барлық акционерлердің үйлесімді әрі тиімді жұмысының үлгісі болып отыр. 2001 жылдан бері Каспий құбыр консорциумы арқылы әлемдік нарыққа 750 млн тоннадан астам қазақстандық мұнай экспортталды. Оның өткізу қабілеті 2,5 есеге жуық өсіп, жылына 67 млн тоннаға дейін жетті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, 2023 жылға қарай консорциумның мұнай тасымалдау көлемін жылына 80 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.

«Өткен жылы Каспий құбыр консорциумы акционерлерге займның барлықсомасын төлеп, өзінің қаржылық тұрақтылығын дәлелдеді. Толықтай алғанда, КҚК Қазақстанның мұнай-газ кешенінің басты элементі саналады әрі ел экономикасының дамуына қомақты үлес қосады және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз етеді. КҚК – бұл мегажоба және мен оның болашағы ұзақ боларына сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.


Jańalyqtar

MURAǴAT