Каспий құбыр консорциумы жұмысының тоқтауы: Қазақстанның мұнай өндіру көлемі қысқарады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан ОПЕК+ бойынша өз міндеттемелерін өндіруді қысқарту есебінен өтейді. Бұл туралы ҚазАқпаат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Каспий құбыр консорциумын қалпына келтіру жұмыстарының жағдайына байланысты ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейінгі жөндеу кезеңінде Қазақстанның жоғалған өндіріс көлемі шамамен тәулігіне 320 мың баррельді (1,3 млн ​​тонна) құрауы мүмкін.

Бұл қысқарту ОПЕК+ серіктестерімен өзара әрекеттесу аясында өтемақы жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Маусым-шілде айларында НСОС объектілерінде күрделі жөндеу жүргізуді ескере отырып, Қазақстан маусым айының соңына қарай ОПЕК+келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша өз міндеттемелерін толық өтейді.

Еске салсақ, Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келді. Оның салдарынан Каспий консорциумы арқылы мұнай экспорты 3 есе төмендеуі мүмкін.



Соңғы жаңалықтар