Каспий құбыр консорциумы мұнай экспортын ұлғайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 2017 жылғы қаңтар-тамыз айларында 36,161 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,78%-ға артық, деп хабарлайды консорциум баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың тамыз айындағы мұнай экспорты 4,416 млн тоннаны құрады. Каспий құбыр консорциумы құбыр құрылысы және қазақстандық мұнай экспортын  Ресей аумағы арқылы тасымалдауға құрылған. КҚК Батыс Қазақстан кен орнын ресейлік Қара теңіз жағалауымен байланыстыратын 1,5 мың километрден астам ұзындықты қамтитын Теңіз-Новороссийск мұнай құбырына ие. Каспий құбыр консорциумының 2016 жылғы мұнай экспортының жөнелтілімі 44,298 млн тоннаны құрап, 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,6%-ға артты. 

Соңғы жаңалықтар