Каспий құбыр консорциумы қазанда толық қуатта жұмыс істейді - энергетика министрі

2022 жылғы 28 қыркүйек, 16:50
Каспий құбыр консорциумы қазанда толық қуатта жұмыс істейді - энергетика министрі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов 15 қазанға дейін Каспий құбыр консорциумы (КҚК) екі жылжымалы айлақ құрылғысын іске қосуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспий құбыр консорциумына (КҚК) келетін болсақ, қалқымалы цистерналарды ауыстыруы тиіс мердігерлермен мәселелер шешілді. Бірінші қашықтан байлау құрылғысы шамамен 10 қазанда ауыстырылады. Екіншісі 15 қазанға дейін, яғни үш қашықтан байлау қондырығысы толық іске қосылуы тиіс», - деді Болат Ақшолақов.

Министр КҚК қазақстандық мұнай тасымалдаудың ең тиімді бағыты екенін айтты. Оның пікірінше, басқа жолдар қаражат жағынан тиімді емес, бірақ бәрібір мұнайды экспорттауға мүмкіндік береді. Болат Ақшолақов «Қашағандағы» жөндеу жұмыстарына қатысты сауалға да жауап берді.

«Қашағандағы жөндеу жұмыстарының бірнеше шешімі бар. Қазан айының 20-на қарай кен орны бұрынғы өндіру режиміне оралады – тәулігіне 400 мың баррельге. Егер 15-20 қазанға дейін Каспий құбыр консорциумы мен «Қашаған» жұмысын бастаса, онда мүлде проблема жоқ», - деді Болат Ақшолақов.

Айтуынша, ірі кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тәулігіне 200 мың баррель шығын келген.

Бұған дейін министр «KIOGE-2022» халықаралық мұнай және газ көрме-конференциясы барысында еліміздің энергетика саласын дамытудың басым бағыттарының бірі мұнай-газ-химия саласы екенін айтты.

Еске салсақ, маусым айында Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.

Фото: svetland-oil.kz


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar