Каспий құбыр консорциумы 2023 жылы мұнайды көбірек тасымалдауға дайын

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Каспий құбыр консорциумы 2023 жылдың басынан бастап мұнайды көбірек тасымалдайдауға дайын. Бұл туралы консорциум басшысы Николай Горбань мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Каспий құбыр консорциумы Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбаньның айтуынша, қазір құбырдың мұнай өткізу қуатын арттыруға серпін еретін негізгі жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жұмыстың биылғы желтоқсанда аяқталатыны жоспарланған.

«Консорциум 2023 жылдың басынан бастап құбырмен тасымалданатын мұнайды көбірек қабылдауға дайын болады. Қазір осыған байланысты қолға алынған арнайы бағдарламаны іске асырудың бірнеше маңызы бар. Біріншіден, бұл өнім айдау пункттеріндегі жұмыс режимінің икемділігін жақсартады. Екіншіден, мұнайдың қосымша көлемін фрикцияға қарсы қоспаның оңтайлы мөлшерімен, құбырды пайдаланудың тиісті коэффициенттерімен айдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осындай жұмыстың нәтижесінде Қазақстан аумағынан жылына 72,5 млн тоннаға, ал, Ресей Федерациясынан жылына 83 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауға жол ашылады», -деп мәлім етті Николай Горбань.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалындағы бірінші құрылғысы жөнделгенін жазған болатынбыз.

Кейін Каспий құбыр желісіне тәулік сайын 260 мың тоннадан астам мұнай тиеліп жатқаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар