Каспий құбыр концорциумы бірінші тоқсанда мұнай экспортын 14,8% өсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий құбыр концорциумы (КҚК) 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында 14,947 миллион тонна мұнай экспорттады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,86 пайызға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі КҚК мәліметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың наурыз айында мұнай экспортының мөлшері 5,506 млн тоннаға жеткен. Өткен жылдың наурызында аталмыш мөлшер 4,929 млн тонна болғанын айта кету керек.

Каспий құбыр концорциумы Ресей аумағы арқылы транзитпен қазақстандық мұнайды экспорттау мен құбыр желісінің құрылысын жасау үшін құрылған. КҚК жалпы ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын, Қазақстанның батысы мен ресейлік Қара Теңіздің жағасындағы кен орындарын жалғайтын Тенгиз-Новороссийск мұнай құбырына ие. 2017 жылғы КҚК мұнай тиелімінің мөлшері 55,107 млн тоннаға жеткен. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24,4 пайызға артық.

КҚК акционерлерінің қатарын Ресей Федерациясы - 24%, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - 19%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, LUKARCO B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5% және «КҚК Компани» - 7%, BG Overseas Holding Limited - 2%, «Эни Интернэшнл Н.А Н.В. С.ар.л.» - 2%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75% және Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75% толықтырады.

Соңғы жаңалықтар