Каспий итбалықтарының саны 300 мыңнан асты

None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - 2023 жылы Каспий теңізінде мекен ететін итбалықтың саны 300 мыңнан асқан. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірқалыпты, яғни теңіз сүтқоректілері азаймаған. Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Мәншүк Темешева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жойылудың алдында тұрған Каспий итбалықтарын сақтап қалу үшін жыл сайын олардың күшіктеу орындарына мониторинг жүргізіледі. Мұндай бақылау жұмыстары мұзжарғыш кемелер мен тікұшақ арқылы іске асып жатыр. Биыл Каспий итбалықтарының күшіктеуі қаңтар айының аяғында Құлалы аралының солтүстік батыс аймағында басталған.

«Каспий итбалығының популяциясын сақтау мақсатында Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан мемлекеттік табиғи резерват құруға тапсырма берілген болатын. Осы тапсырма бойынша қазіргі таңда жаратылыстану-ғылыми негіздемесі дайындалды. 2023 жылдың маусым айына дейін техникалық экономикалық негіздеме жасалып, 2024 жылдың аяғына дейін арнайы мемлекеттік табиғи резерват құрылатын болады», - деді Мәншүк Темешева.


Соңғы жаңалықтар