Каспий итбалығының көбеюі тұрғысында қауіп жоқ - Балық шаруашылығы комитеті

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биоресурстарды үлестіру бойынша Қазақстан 5 мың 400 бас итбалықты аулауға құқылы.

Бұл турал бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Юрий Ромашов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өкінішке қарай итбалықтардың өлімі жыл сайын кездесіп отырғанына тоқталған Ю. Ромашов, «2000 жылы 10 мыңға жуық итбалық өлген болатын. Сонда халықаралық және еліміздің сарапшылары шақырылып, бұның себебі ет қоректілердің обасына байланысты екені анықталды. Сондай-ақ жыл сайын шамамен 200-300 бас өлген итбалықтар анықталып отырады», деді.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы 237 өлген итбалық табылған.

«Осыған байланысты тұрақты зерттеулер жүргізіледі. Осы зерттеулер итбалықтардың саны бізде қатерлі деңгейде емес екенін көрсетіп отыр», деді Орий Ромашов.

Оның айтуынша, биоресурстарды үлестіру бойынша Қазақстан 5 мың 400 бас итбалықты аулауға құқылы. Оның ішінде 1 мыңға жуығы олардың күшіктерін аулауға рұқсат етілген.

«Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан бірде-бір бас итбалықты әлі аулаған жоқ. Енді аулауға рұқсат етілген лимит пен жыл сайын табылатын 200-300 бас өлген итбалықты салыстырғанда бүгінде осы мәселе бойынша Каспий итбалығының көбеюі тұрғысында қауіп жоқ», деді комитет төрағасы.

Соңғы жаңалықтар