+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Каспий банктен деп хабарласқан алаяқ елордалықты бопсалады

2019 жылғы 22 тамыз 19:49
Бөлісіңіз:
Каспий банктен деп хабарласқан алаяқ елордалықты бопсалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны Малика Дүйсенбаева Facebook парақшасына телефон алаяғын әшкерелеген видеоны жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

« А лаяқтар м енің бүкіл отбасымды бауыздап тастаймын деп қорқытты. Өздері Каспий банктен хабарласқандай қоңырау шалды. Каспийден келген кілт сөзді айтуымды талап етті. Мен бұл қоңырауды банктың call-орталығы арқылы тексеріп алмақ болдым. Осы әрекетіммен оларды ашуландырып алсам керек – мені қорқытып, балаларыммен бірге өлтіретіндерін айтып, қоқан-лоқы жасады. Қысқасы, бүкіл әңгімені видеоға жазып алдым», - деді Малика Дүйсенбаева желіде видеомен бірге салған хабарламасында.

Әйелдің айтуына қарағанда, алаяқтармен сөйлескеннен кейін әлгілердің нөмірініе қайтара қоңырау шалған. Алайда басқа біреу қоңырауды көтеріп, ол алаяққа мүлде қатысы жоқтығын, осындай қоңыраумен төртінші адам хабарласып тұрғанын алға тартқан.

«Олар мен туралы бәрін біледі. Не істерімді білмеймін. Қорқынышты екен», - деді Малика Дүйсенова.

Өз кезегінде Каспий банк те бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді .

«Біздің клиентке алаяқтықтың мұндай фактісімен бетпе-бет келгеніне өкініш білдіреміз. Каспий банк қызметкерлері картаның фотосын, сондай-ақ, СМС бойынша расталатын карта бойынша мәліметтерді ешқашан сұрамайды. Бұл алаяқтық дейді «, - де ді Каспий банк тен .

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT