Каспий банкке қатысты тараған ақпарат шындыққа жанаспайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Каспий банкке қатысты тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.  Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ватсап арқылы Каспий банкі банкротқа ұшырады деген жалған аудио жазба тарай бастады. Осыған орай ел тұрғындарын арандатушыққа ермеуге шақырамын. Бұл таратылған  ақпарат  шындыққа жанаспайды. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін ел заңнамасында қылмыстық жауапкершілік  қарастырылғанын ескертемін. Жалған ақпарат таратуға қатысы барлардың барлығы анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады", - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар