Каспий банк қызметкері 7 жылға сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында «Каsрi Ваnk»-тің қызметкері 7 жыл 6 айға сотталды. Үкім оқылғаннан кейін сотталушының қолына кісен тағылып, сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалына сәйкес, «Каsрi Ваnk»-тің Боралдай ауылындағы бөлімшісінің басшысы болып қызмет еткен Ж. есімді азаматша өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, банк қаржысына қол сұққан. Түрлі операциялар арқылы қомақты қаржыны иемденіп отырған. Сондай-ақ жалған құжаттар жасау арқылы сақтандыру қаржысын иемденген.

Сот үкімімен сотталушы Ж. ҚР ҚК 189 бабы, 4-ші бөлігі, 2 тармағы, 190 бабының 2 бөлігінің 2-ші тармағымен және 385 бабының 1-ші бөлігімен кінәлі деп табылып, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды. Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы «Каsрi Ваnk» АҚ  келтірген шығынды өтеуі тиіс. Яғни, сот залынан қамауға алынған қылмыскер «Каsрi Ваnk» АҚ пайдасына 26 млн 926 мың 142 теңге және 68 мың 555 АҚШ долларын өндіруге міндеттелген.

Соңғы жаңалықтар