«Касперский зертханасы» Microsoft-тың үстінен шағым түсірді

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Ресейлік «Касперский зертханасы» компаниясы Еуропалық комиссияға Microsoft-тың жасап жатқан әрекеттерінің антимонополиялық заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді сұрап, шағым түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Біз шағымды алғанымызды растаймыз», - деді Еурокомиссияның баспасөз қызметі. Алайда олар қосымша ақпараттарды таратудан бас тартты.

Бұдан бұрын сейсенбі күні «Касперский зертханасы» хабарлағандай, олар Еуропалық комиссия мен Германияның картельдер жөніндегі федералдық ведомствосына компьютерлік қауіп-қатерлерден қорғау нарығында  әділетсіз бәсекелестік пен компьютерлерге арналған операциялық жүйелер нарығында  үстемдік жағдайын теріс пайдаланғандығына қатысты Microsoft әрекетінің антимонополиялық заңнаманың баптарына сәйкестігін қарау туралы шағым түсірген болатын.

«Microsoft компаниясы Windows 10 шыққалы бері онымен бәсекелесетін қорғаныс бағдарламаларын өндірушілерге кедергі келтіріп, түрлі амалдармен Windows Defender-дің пайдасына қолданушылардың басқа да бағдарламалық құралдардан бас тартуына ықпал етті», -делінген Ресей компаниясының баспасөз парағында.  

Соңғы жаңалықтар