Қаскөйлердің қолынан қаза тапқан үш ағайындының туыстары моральдық шығын талап етті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай аудандық сотында үш ағайындының өліміне қатысты сот жүріп жатыр. 17 қараша күні негізгі сот процессі басталды. Қамауға алынған екі күдікті де өз кінәларын мойындамай жатыр деп, - хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, басты күдікті Талғат Сүлейменов аталған қылмыстық іске тек жартылай ғана қатысым бар деп жауап берді.  

«Көлікті  жақты, сосын арқайсысын әр жерде атты дегені, ол дұрыс емес. Ол жерде түсініспеушілік, ерегіс туындады», - дейді күдікті Талғат Сүлейменов.

Ал, Мұрат Оңалбаев және қылмысты көре тұра еш жерге хабарламады деген Байқасымов өздерін кінәлі деп санамайды.

Жәбірленуші тарап сотталушыларға ең ауыр жаза қолданылсын деп талап етіп отыр. Және қайтыс болған үш жігіттің әрқайсысының отбасына 15 миллион теңгеден моральдық шығын өндіріп беруін сұрады.

Айта кетелік, марқұм болғандардың туыстары «тергеу тез аяқталды, қаскөйлердің сыбайластары әлі де бостандықта жүр» деп күдіктенеді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Алматы облысында үш ағайынды жігіт Ұзынағаш ауылына мал сатуға барып, жоғалып кеткен болатын. Артынша олардың өлі денелері табылды. Ал қайтыс болған үш азаматтың  артында 8 бала мен әйелдері қалды.

Соңғы жаңалықтар