Қаскелеңдегі жарылыс: 7 адам зардап шегіп, бір бала көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан 11 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Төле би көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ең үстіңгі қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, қабырғалас тұрған бірнеше пәтерге нұқсан келген.

«7 адам, соның ішінде 3 бала түрлі жарақат алды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. 2009 жылы дүниеге келген бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған үйдің тұрғындарын өртке қарсы қызмет қауіпсіз жерге көшіріп, Қаскелең әкімдігі уақытша тұру орнын ұйымдастырды. Жарылыс себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.



Соңғы жаңалықтар