Қаскелеңдегі инфекциялық аурухана жабылмайды - әкімдік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қаскелең қалалық инфекциялық аурухана жабылмайтын болды. Бұл жөнінде облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасын жабылуына қатысты агенттік тілшісінің сауалына жауап берді.

«Бүгінгі күні Алматы облысында ауыр инфекциялық аурумен сырқаттанғандарға медициналық көмек көрсететін екі инфекциялық аурухана жұмыс істейді: Талдықорған қаласындағы 100 төсектік аймақтық инфекциялық аурухана және 120 орындық Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасы.

nullҚаскелең қалалық инфекциялық ауруханасы Қарасай ауданының сырқаттарын ғана емес, сонымен қатар Жамбыл, Іле, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласынан да аурулар қабылдайды. Инфекциялық ауруханада жылына орта есеппен жеті мың адам емделеді (Алматы қаласындағы 180 төсектік инфекциялық ауруханада жылына 8 000 науқас емделеді). Аурухана қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес салынған, яғни инфекциялық ауруларды бөлектеу үшін жеке оқшауланған палаталар мен жеке шығу есіктері қарастырылған. Бұл инфекциялық аурулардың ауа-тамшылы жолмен таралуына жол бермейді», деп мәлім етті ол.

nullОның мәліметінше, аурухана аудан халқы мен өңірде жұмыс істейтін көрші мемлекеттердің азаматтарына медициналық қызмет көрсетеді.

«Ауруханада тәжірибесі мол, жоғары білікті медицина мамандары жұмыс істейді, аурухана жабылған жағдайда кадрларды жоғалтып аламыз. 345 төсектік стационары бар Қарасай аудандық орталық аурухана аудан халқына медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп отыр, сондай-ақ республикалық және халықаралық трассаларда орын алған жол апаттарынан зардап шегушілерді қабылдайды (Алматы - Астана, Алматы - Бішкек, Алматы - Ташкент және т.б.). Сонымен қатар аудан аумағында көптеген базарлар бар және оларда облыстың әр түкпірінен, көрші мемлекеттерден келген инфекциялық аурумен ауыру қаупі жоғары бірнеше жүздеген мың адам жұмыс істейді. Осыған орай бірқатар объективті себептерге байланысты Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасын жауып, оның ауыр инфекциялық ауруларды емдеу фукнкциясын Қарасай аудандық орталық ауруханасына беру мүмкін емес», - деді Ж. Омар.
nullОған қоса облыс әкімдігі Қарасай аудандық орталық ауруханасы базасында инфекциялық бөлім ашу шараларын қолға алатын болады. Ол инфекциялық аурулардың ауыр емес түрлерімен ауырған сырқаттарды қабылдай алады.

nullСондай-ақ, жуық арада Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінетін мәлім етті.

nullЕстеріңізге сала кетейік, Қаскелең жұқпалы аурулар ауруханасының жабылатындығы жөнінде Алматы облысындағы іссапары барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар