Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды
2022 жылғы 18 мамыр 12:09

Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында заңсыз көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкпарға қатысқан 6 адамды полиция ұстады. Олар 10 тәулікке қамауға алынды»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, ұсталған адамдар ұсақ бұзақылық және көліктерге кедергі келтіру бойынша жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, көкпарды 66 жастағы Қаскелең тұрғыны жиенінің туған күніне орай ұйымдастырған.

Ұлттық ойын қаланың шеткі аумағында болған. Бірақ артынша қала көшелерінде жалғасқан.

Бұған дейін Қаскелеңде заңсыз көкпар ұйымдастырғандарды полиция іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT