Қаскелеңде тұрғын үй жанынан ер адамның мәйіті табылды

None
None
ҚАСКЕЛЕҢ. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қарасай ауданы Қаскелең қаласында ер адамның мүрдесі тұрғын үй кешенінің жанынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды.

«29 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Қарасай аудандық полициясына «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінің шлагбаумнан шыға беріс тұсында ер адамның мүрдесі жатқаны хабарланды. Тәртіп сақшылары бірден оқиға орнына жетіп, 1976 жылғы Қаскелең қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті жәбірленушімен жанжалдасып қалғанын, соңында оған бұрағышты жүрек тұсына тығып алғанын мойындады. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір күдікті қамауда. Айғақ заттар тәркіленіп, қылмыстық іс тергеліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар