+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

Каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне байланысты іс тоқтатылды

2018 жылғы 4 желтоқсан 12:18
Бөлісіңіз:
Каскадер Қасым Жұмағожиннің  өліміне байланысты іс тоқтатылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы белгілі каскадер, актер Қасым Жұмағожиннің өлімі бойынша ашылған қылмыстық істі жапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті ер адамның жүрегі тоқтап өлгендіктен істі тоқтатқан.

«Сот-медициналық сараптама Қасым Жұмағожиннің жүрегі тоқтап өлгенін көрсетті. Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», - деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, қайғылы оқиға Алматыда болған еді.

3 қараша күні, Хеллоуин түнінде «ТСБ» түнгі клубында 34 жастағы жігіт асылып қалған адамды бейнелемек болған. Қойылым біткен соң актерді түсірген кезде жағдайы күрт нашарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше каскадер көз жұмды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT