Кәсіпорындарда «Vizion Zero» тұжырымдамасын белсенді енгізу қажет – Үкімет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өндірістік кәсіпорындарда «Vizion Zero» тұжырымдамасын белсенді енгізу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбекті қорғау жүйесі жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне сүйенуі тиіс. Өндірістік кәсіпорындарда халықаралық «Vizion Zero» нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын белсенді енгізу қажет. Әрбір жарақаттану жағдайы Төтенше жағдайлар министрлігінде мұқият талданып, қорытындысы бойынша оларды барынша азайту үшін кешенді шаралар әзірленуі тиіс», - деді Үкімет басшысы.

Асқар Мамин халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кәсіби қатерді бағалау және басқару жүйесін енгізу қажеттігін де баса айтты.

«Ол үшін барлық құралдар мен қажетті ресурстар бар», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар