Кәсіпорындар жұмысшыларға 4,6 млрд теңге жалақы қарызын бермей келген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 855 кәсіпорнында 19,7 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 670,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы берешегін анықтады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 865 нұсқама беріліп, 140,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестесі мен мерзімін белгілеу нәтижесінде 18,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Оларға 4 млрд 448,6 млн теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар