Кәсіподақтар федерациясы «100 жаңа есімге» өз үміткерлерін ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Федерация алдымен өз ішінде арнайы байқау өткізіп, үміткерлерді іріктеп алмақшы. Содан кейін оларды «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңіне ұсынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның айтуынша, бүгінде кәсіподақтарға мүше болғандардың ішінде елдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар аз емес. Олардың ішінде ұстаздар, дәрігерлер, жүргізушілер, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, меxанизаторлар және тағы басқа мамандық иелері бар. Осыған орай, федерация «Еңбек адамы: Қазақстанның жаңа келбеті» атты байқауды жариялады. Соның аясында алдымен аймақтарда үміткерлерді іріктеу жұмысы жүргізіледі. Ал республикалық деңгейге шыққандарды «100 жаңа есім» жобасына ұсынады.

«Негізі, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек адамдары жайында көп жазылмайды. Ал олардың қажырлы еңбегі мен тәжірибесі қашанда жастарға жігер берді. Осыған байланысты федерация xалық құрметіне лайықты өз үміткерлерін ұсынбақшы. Қазіргі кезде кәсіподақтарға 2 миллионнан астам адам кіреді. Олардың ішінде ел дамуына елеулі үлес қосып жүргендер көп», - дейді Б.Әбдірайым.
null 

Айта кетейік, Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды. Өтінімдер келесі айдың ортасына дейін қабылданады. Одан кейін онлайн дауыс беру басталады.

Соңғы жаңалықтар