Кәсіподақтар бір жылдың ішінде өздерінің мәртебесін қайта қарап шығатын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кәсіподақтар бір жылдың ішінде өздерінің жарғысы мен мәртебесін қайта қарап шығатын болады.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Кәсіптік одақтар туралы» заң жобасын талқылау барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осылай мәлім етті. Еске сала кетейік, бүгін заң жобасын палата депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.

Министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстанда қазіргі күні 800-ден астам кәсіподақтар қызмет етуде. «Қарастырылып отырған заң жобасына сәйкес, оларға бір жылдық мерзім беріліп отыр. Осы кезең ішінде кәсіподақтар біріншіден өздерінің жарғыларын, екіншіден өздерінің мәртебелерін қайта қарайтын болады. Бұдан бөлек, олар кәсіподақтар өздері жеке салалық кәсіподақ болып қайта құрыла ма, жоқ әлде басқа өңірлік деңгейдегі кәсіподақтардың мүшесі болатындығын өздері анықтайтын болады», - дейді Т. Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіподақтар қозғалысы жұмыспен қамтылған 8,4 млн. халықтың 30 пайызын немесе 2,5 млн. сәл ғана астамын біріктіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар