Кәсіподақ өкілі педагогтардың жалақысын қосымша қалай көтеру керектігін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық педагогтардың жалақысын заңды жолмен көтеруге болады. Бұл туралы «Әділет» кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалақыны қосымша көтеруге қатысты Үкіметтің 11-93 қаулысының 5-тармағы 1-тармақшасы және 6-тармағының 2-тармақшасы бар. Ол білім беру басқармасына білім беру мекемесінің басшысы үшін қосымша жалақы мен сыйақы түріндегі үстемақы бекіту арқылы ынталандыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, білім беру мекемесінің басшысы осы тармақтарды қолдана отырып, қызметкерлерін қосымша ынталандыра алады», - деді ол қалалық мәслихат отырысында.

Оның атап өтуінше, «Әділет» кәсіподағы осы мәселеге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдап, оң жауап алған.

«Ресми жауапта егер кәсіподақпен басқарма және ұжым арасында өңірлік келісімде мұндай жайт көзделген жағдайда жағдайда соған сәйкес заңды негізде үстемақы төлеуге болатындығы айтылған. Мәселен, Жамбыл облысында өңірлік кәсіподақ Білім беру басқармасымен жасалған келісімшартқа мұндай нөроманы енгізген. Қазір ол жақта жалақысы төмен жекелеген қызметкерлер жалақыға 30-дан 50 пайызға дейін үстемеақы алады», - деді Батыр Әлиев.


Соңғы жаңалықтар