Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы қарсыласын нокаутпен ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен қазақ баласы Али Балоев қарсыласын нокаутпен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

23 жасар жерлесіміз Али Балоев алғашқы жекпе-жегін Ригада (Латвия) өткізіп, 4 раундтық кездесуде, 32 жасар жергілікті боксшы Маркес Ковалевскисті нокаутпен ұтты.

Жерлесіміздің қарсыласы кәсіпқой бокста 25 кездесу өткізіп, екеуінде тең нәтиже, екеуінде  жеңіс, жиырма бірінде жеңіліс (11 нокаутпен) тапқан. Қазақстандық спортшы кәсіби бокста рингке ауыр салмақта (200 фунт - 90,7 келі) шығып алғашқы жеңісіне жетіп отыр. Ол алматыдағы «Абылай хан» залында, Сағатбек Мұсахановтың қол астында жаттығады.

Соңғы жаңалықтар