Кәсіпқой бокс: Жан Кособуцкийдің қарсыласы жекпе-жектен бас тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық нокаутер Жан Кособуцкийдің қарсыласы 24 сәуір күні Беларусь астанасы Минскіде өтуі тиіс болған айқастан бас тартты. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жан Кособуцкийдің (9-0, 8КО) қарсыласы Қазақстанның тумасы, 38 жастағы Евгений Бухмюллер (15-4, 12КО) болуы керек еді. Боксшы Германия атынан шығуы тиіс болған. Мәлім етілгендей, германиялық боксшы жарақат алып қалған.

«Кеше хабарласып кездесуден бас тартты. Жарақатын алға тартты. Қазір басқа қарсылас іздеп жатырмыз», - дейді Кособуцкий.

30 жастағы қазақстандық боксшы ертең Минскіге ұшатынын хабарлады. Лайықты қарсыласпен шаршы алаңда кездесуге үміті зор.

Айта кетсек, кәсіпқой бокста Жан Кособуцкий 2017 жылдың қыркүйек айынан өнер көрсетіп келеді. Осыған дейін өткізген 9 жекпе-жектің 8-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Қазақстандық боксшы 24 сәуір күні Беларусьта кезекті айқасын өткізетіні бұдан бұрын хабарланған болатын. Минск Кособуцкий үшін сәтті шаһар десе де болады. Беларусь астанасында боксшы Александр Нехайчикті жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар