Кәсіпқой бокс: Жан Кособуцкий келесі кездесуін өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық нокаутер Жан Кособуцкий өзінің келесі кездесуін 24 сәуір күні Беларусьта өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Жан Кособуцкийдің кіммен айқас өткізетіні әлі белгісіз. Кездесу Беларусь астанасы Минскте өтеді. Айта кетерлігі, соңғы рет рингке Жан Кособуцкий дәл осы Минскте көтерілген болатын. Сол кезде отандасымыз Босния және Герцеговиниядан келген қарсыласы Срджана Говедарицу нокаутқа жіберген еді.

Қазақстан панчер үшін бұл кәсіпқой бокс карьерасында оныншы болғалы тұр. Осыған дейінгі тоғыз кездесуін де отандасымыз жеңіспен аяқтап, сегіз қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.

Минск қостанайлық Жан Кособуцкий үшін сәтті шаһар десе де болады. Беларусь астанасында боксшы Александр Нехайчикті жеңген еді.

Ал өткен жылы Киевте өткен бокс кешінде Кособуцкий грузиялық Иракли Гвенетадземен (10-7, 9 КО) кездесіп, айқасты сәтті аяқтаған болатын.

Соңғы жаңалықтар