Кәсіпқой бокс: Руслан Мырсатаев төртінші жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО) аргентиналық Андреас Матиасты (5-0-0, 5 КО) нокаутпен жеңді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші раундта Русланның ауыр соққылары діттеген жерге жетті. Алайда аргентиналық боксшы да қарап қалған жоқ. Қарымта шабуылдарын орындай білді.

Екінші раундта Руслан Мырсатаев өз қарсыласын сабап жүрді. Үшінші раундта нокдаунға түсірді. Ал төртінші раундта сериялық соққыларымен Андреас Матиасты нокаутқа жіберді. Аргентиналық боксшы өз күшімен тұра алмады. Осылайша, Руслан Мырсатаев кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Матиас бес жеңістен кейін алғаш рет жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бүгінгі бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукке (18-0, 11КО) қарсы шығады. Олар бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салатын болады.

Бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 20:00-ге «Qazaqstan» ұлттық арнасы да тікелей эфирге шығады. Бұдан бөлек, Fite.tv интернет арнасы, сондай-ақ TVtibi мен Flipps арқылы тікелей репортаждар жүргізіледі.

Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңді.

Ал «Нью-Йорктың үздік полицейі» Димаш Ниязов елірген қарсыласын сабасына түсірді .

Қазақтың жас нокаутеры Айдос Ербосынұлы да кезекті жеңісіне жетт і.

Ал Әли Аxмедов өз қарсыласын теxникалық нокаутпен жеңді.

Нұрсұлтан Жаңабаев та өзуәдесін орындап шықты.

Соңғы жаңалықтар