Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын рингтен ұшырып жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы бокс кеші Мейірім Нұрсұлтанов (3-0, 2КО) пен Исмаель Буено (15-6-0, 10 КО) арасындағы жекпе-жектен басталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші раундтың басында екі боксшы бір-бірін зерттеп көрді. Алайда Мейірім Нұрсұлтанов ұзаққа созбай, өз джебтерін де, апперкоттарын діттеген жеріне жеткізе білді. Мейірімнің шабуылы қарқынды болғаны сонша, бразилиялық боксшы рингтің сыртына ұшып кетті. Сол күйі ұзақ тұра алмады. Осылайша, қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтап отыр.
null

"Негізі, бұл жекпе-жекке қатты дайындалдым. Бірақ кездесу тез аяқталды. Тез біткені де жақсы. Қарсыласымды зерттедік. Ғаламторда жекпе-жектері аз. Біреуін тауып зерттедік", - дейді Мейірім Нұрсұлтанов.

Оның айтуынша, келесі жекпе-жегі 24 қазанда Нью-Йорк қаласында өтеді. Боксшы оған АҚШ-та дайындалады. 

Айта кетейік, бүгінгі бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукке (18-0, 11КО) қарсы шығады. Олар бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салатын болады.

Бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 20:00-ге «Qazaqstan» ұлттық арнасы да тікелей эфирге шығады. Бұдан бөлек, Fite.tv интернет арнасы, сондай-ақ TVtibi мен Flipps арқылы тікелей репортаждар жүрігізіледі.

null 

Соңғы жаңалықтар