+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Кәсіпқой бокс: Қазақстандық қос саңлақ кезекті рет жеңіске жетті

2017 жылғы 15 желтоқсан 10:44
Бөлісіңіз:
Кәсіпқой бокс: Қазақстандық қос саңлақ кезекті рет жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Сорель-Трэси қаласында өткен бокс кешінде Абылайхан Құсайынов төрешілер шешімімен басым түссе, Нұрзат Сабиров өз қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абылайхан Құсайынов осымен жетінші рет жеңіске жетіп отыр. Абылайханның еншісінде 5 нокаут бар. Оның қарсыласы да осал болмады. Осы уақытқа дейін Хесус Сильвейру қарсыластарын бірнеше рет аса басымдықпен ұтқан. Екі боксшының жекпе-жегі жеңіл салмақ (61,3 келі) дәрежесінде өтті.

Ал Нұрзат Сабиров өз қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы төрт жекпе-жектің бәрін нокаутпен аяқтап отыр. Оның қарсыласы Франсиско Гарсия осы уақытқа тоғыз жекпе-жек өткізіп, бесеуінде нокаутпен жеңген. Екі боксшы екінші орта салмақ дәрежесінде (76,2 келіге дейін) айқасты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT