+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Кәсіпқой бокс: Дэниел Джейкобс кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті

2020 жылғы 28 қараша 11:01
Бөлісіңіз:
Кәсіпқой бокс: Дэниел Джейкобс кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 қараша күні Американың Флорида штатында өткен кәсіпқой бокс кешінде Геннадий Головкиннің (40-1-1,35КО) бұрынғы қарсыластары Дэниел Джейкобс пен (36-3-0, 30КО) Габриэль Росадо (25-11-1,11КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Жекпе-жек - MatchroomBoxing промоутерлік компаниясы мен DAZN стриминг платформасы өткізіп отырған бокс кешінің басты айқасы.

12 раундқа созылған айқаста Джейкобс айқын басымдық таныта алмады. Алайда, ол жекпе-жек барысында барынша бірінші нөмірде жұдырықтасуға тырысықан болатын. Ал қарсыласы Росадо шаршы алаңда оған айтарлықтай қиындықтар туғызды.

Қортындысында Джейкобс ұпай саны бойынша (115-113/113-115/115-113) жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, Дэниел Джейкобс үш жыл бұрын қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен ұпай саны бойынша жеңіліс тапқан болатын. Сондай-ақ, ол GGG-мен 12 раунд айқасқан алғашқы қарсылас ретінде қазақстандық жанкүйерлердің есінде қалды.

Габриэль Росадо 2013 жылы Головкинмен қолғап түйістіріп, 7 раундта техникалық нокаутпен жеңілген.

Еске сала кетсек, Джейкобс- Росадо айқасының андеркартында Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегін өткізіп, бұрынғы әлем чемпионы Джулиусо Индонгоны (23-2, 12 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мұхтар Қалимоллаұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT