+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Кәсіпқой бокс: Бобыржан Момыновтың қарсыласы өзгерді

2021 жылғы 15 ақпан 22:58
Бөлісіңіз:
Кәсіпқой бокс: Бобыржан Момыновтың қарсыласы өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы уақытқа дейін шаршы алаңда жеңіліп көрмеген Қазақстан боксшысы Бобыржан Момынов (12-0, 8КО) келесі жекпе-жегіне қатысты жоспарын өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БАҚ арасында футболдан Сейдахмет Бердіқұлды еске алуға арналған турнир өтеді Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды Австрияны сүріндірді Атыраулық нысана көздеуші әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Бұған дейін BoxRec.com сайты 27 наурыз күні Ресейдің Екатеринбург қаласында Бобыржан Момынов жартылай орта салмақта бос тұрған IBF Baltic чемпиондық атағы үшін украиналық Эуард Скавинскиймен (13-0, 7КО) жұдырықтасатындығын жария еткен болатын. Дегенмен, ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, отандасымыз 25 наурыз күні Пуэрто-Рикода өтетін Ring City кезекті шоуында шаршы алаңға оралмақ.

«Достар! Алланың қалауымен шаршы алаңға 25 наурызда Пуэрто-Рикода шаршы алаңға оралатындығымды хабарлағым келеді. Сіздерді кезекті рет жеңісіммен қуанту үшін барлық мүмкіндікті жасаймын», - деп жазды отандасымыз Instagram-парақшасында.

Оның бұл жолғы қарсыласы америкалық Брайан Себальо (12-0, 6КО).

Себальо – Қазақстанның бокс жанкүйерлері үшін таныс есім. Ол 2019 жылы шаршы алаңда отандасымыз Бақтияр Аюбаевпен (14-2-1, 12КО) кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Ал Момынов соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Қазан қаласында өткізіп, төрешілердің басым дауысымен ресейлік Вагинак Тамразянды жеңіп, жартылай орта салмақта IBF Eurasia чемпиондық атағын жеңіп алған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT