Кәсіпқой бокс: Аса ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев жеңімпаз атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Астанада өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға соңғы болып шыққан Руслан Мырсатаев та қарсыласынан басым түсті,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Суперауыр салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз украиналық Павло Кроленкомен қолғап түйістірді. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысын жариялаған төрешілер бірауыздан Мырсатаевты жеңімпаз деп тапты.

Осы орайда айта кетсек, Руслан Мырсатаев -2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, Бүкіләлемдік бокс сериясында «Астана Арланс» құрамындағы жеңімпаз. Сегіз раундтан тұратын жекпе-жекте Мырсатаев (профи-рингтегі 5 кездесуін жеңіспен аяқтаған) кәсіби бокста екінші кездесуін өткізетін Павло Кроленконы айқын басымдылықпен ұтты.

Кәсіби бокс кеші Qazaq Promoutions промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Айта кетейік, «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының негізін қалаушы, танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам. «QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп, үлкен бокс кештерін ұйымдастыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар