Кәсіпқой бокс: Әли Аxмедовтің қарсыласы ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 маусым күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін Головкин-Роллс бокс кешінің андеркардында өзгерістер болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Осы кеште суперорта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әли Аxмедовтің (14-0, 10 КО) қарсыласы америкалық Абраxам Хан (26-4-1, 16 КО) болуы тиіс еді. Бірақ ол осы шоудан бас тартты. Енді Әли, The Ring журналисі Майк Коппинджердің пікірінше, басқа бір америкалық боксшы, 35 жастағы Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2 КО) кездесу өткізуі керек.

Еске сала кетейік, Әли Аxмедов - Геннадий Головкиннің GGG Promotions компаниясының клиенті.

Соңғы жаңалықтар