Кәсіпқой бокс: Әли Аxмедов өз қарсыласын нокаутпен жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы Әли Ахмедов (7-0, 5КО) өз атағын қорғап қалды. Бүгін Астанадағы бокс кеші аясында ол АҚШ боксшсы Томас Джастинмен (18-2-0, 7 КО) күш сынасып көрді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші раундта Әли Аxмедов өз қарсыласын бір бұрыштан екінші бұрышқа қуып жүрумен болды. Ауыр соққыларын да дарыта білді. Алайда америкалық боксшы да осал емес екенін көрсетті. Қарымта шабуылдарын жасай білді. Оның басын тым төмен ұстап жүргені Әли Аxмедовке ыңғайсыздық туғызды. Дегенмен, екінші раундтың ортасында қазақстандық боксшы ебін тауып, оны нокдаунға түсірді. Нокаут та болатын еді. Бірақ америкалықты гонг құтқарды.

Томас Джастин үшінші, төртінші, тіпті бесінші раундқа да шыдады. Ал алтыншы раундқа тағы да нокдаунға түсті. Көп ұзамай, Әли оң қолымен америкалықты қайтадан сұлатып тастады. Осы жолы да Томасты гонг құтқарып қалды. Жетінші раундта да Әли Аxмедовтың басымдығы айқын болды. Ал соңғы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, қазақстандық боксшы теxникалық нокаутпен жеңіске жетті. Жанкүйерлер америкалық боксшының шыдамдылығына да риза болды.

Айта кетейік, бүгінгі бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукке (18-0, 11КО) қарсы шығады. Олар бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салатын болады.

Бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 20:00-ге «Qazaqstan» ұлттық арнасы да тікелей эфирге шығады. Бұдан бөлек, Fite.tv интернет арнасы, сондай-ақ TVtibi мен Flipps арқылы тікелей репортаждар жүргізіледі.

Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңді.

Ал «Нью-Йорктың үздік полицейі» Димаш Ниязов елірген қарсыласын сабасына түсірді.

Қазақтың жас нокаутеры Айдос Ербосынұлы дакезекті жеңісіне жетті.

Соңғы жаңалықтар