Кәсіпқой бокс: Абылайхан Құсайынов қарсыласын нокаутпен ұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Астанадағы өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Абылайхан Құсайынов қарсыласын техникалық нокауттпен жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Отандасымыз украиналық  Максим Морозбен жұдырықтасқан болатын. Осыған дейін  ешкімнен жеңіліп көрмеген Абылайхан Құсайынов (тоғыз кездесудің тоғызында жеңіске жеткен) бүгін қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутқа түсіріп кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Ал Мороз үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі. Өкінішке қарай алғашқы айқасында жеңіліп қалды.

Ал Абылайхан Құсайыновтан кейін шаршы алаңға шыққан Айдар Шәрібаев та қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты. Ол бірінші раундта және төртінші раундта екі мәрте нокдаунға жіберді. Алайда, қарсыласы барлық алты раундқа шыдады. Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп тапты.
null

Айдар Шәрібаев осыған дейін 7 жекпе-жек өткізіп, 6-ында басым түсс, біреуінде жеңіліп қалған. Ал қарсыласы - 37 жастағы тәжірибелі боксшы украиналық Артем Айвазиди бұған дейінгі 25 кездесуінің  11-ін жеңіспен аяқтаған.

Еске сала кетейік, кәсіби бокс кеші Qazaq Promoutions промоутерлік компаниясының бастамасымен Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар