Кәсіпкерлік субъектілері тексеру актісінің оң қорытындысы болғанда ғана жұмысын бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлік субъектілері тексеру актісінің оң қорытындысы шыққан жағдайда ғана жұмысын бастай алады. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір нысанды ашылар алдында әкімдік қызметкері, қоғам өкілдері, «Атамекен» ҰКП өкілі, кәсіподақ ұйымдары тексереді. Тек барлық талаптар орындалған жағдайда ғана тексеру актісінің оң қорытындысы шыққан соң нысандарға жұмысын бастауға рұқсат беріледі. Онсыз нысандар жұмысын бастай алмайды», - деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуныша, ашылған әрбір нысанды мобильді топтар тексеріп отырады. Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда бизнес субъекттеріне жабуға дейінгі шаралар қабылданады.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізіп, карантин шараларын екі аптаға ұзартуды тапсырған болатын. Мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанда карантин шаралары екі аптаға ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар