Кәсіпкерлік білім беру маманы бизнестің мақсаты туралы айтып берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы менеджмент университетінің президенті Асылбек Қожахметов ел экономикасындағы кәсіпкерлік білімнің рөлі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан-2050» стратегиясында ел экономикасының қозғаушы күші ретінде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту рөлі айқын көрсетілген. Егер де 2009 жылдан бастап 2017 жыл аралығында белсенді бизнес субъектілері саны 73 пайызға артса, ал 2030 жылға қарай экономикада ШОБ үлесі айтарлықтай өсуі тиіс», - деді А. Қожахметов елордадағы «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім» атта ІІІ Халықаралық форумында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде шағын және орта бизнес Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте белсенді түрде артып келеді.

«Кәсіпкерлік мәдениетте ойлау, бастама, идея және жауапкершілік басты рөлде тұрады. Кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін міндетті түрде табыстылық болуы керек екені түсінікті. Алайда кәсіпкерлік қабілеті бар көшбасшы екпінді табыстылықтан бұрын өзінің сүйікті ісімен айналысуға және қоғамға пайдасын тигізуге қояды», - деді ол.

Осы орайда А. Қожахметов XXI ғасырда жоғары білімнің сапасы кәсіпкерлік білімді дамытумен тығыз байланысты екенін, оны іске асыру жастар арасында кәсіпкерлік ойлауды ынталандыру арқылы атқарылатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім» атты ІІІ Халықаралық форум өз жұмысын бастады.

Форумның мақсаты - кәсіпкерлік білім беру саласында оқыту мен тәжірибе алмасу үшін ашық сараптамалық пікірталасқа аудиторияны тарту. Онда мамандар осы сектордағы білім беру бағдарламаларының үздік тәжірибелері мен трендтері туралы әңгімелейді.

Шара барысында белгілі халықаралық және қазақстандық сарапшылардың, кәсіпкерлік әрі академиялық қауымдастықтардың, мемлекеттік басқару органдарының, сондай-ақ ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтіп жатыр.

Осы орайда форумда «Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім», «Мемлекет, білім, бизнес және азаматтық қоғам серіктестігі», «Университеттің даму стратегиясы: фандрайзинг, эндаумент-қорлар және түлектерді тарту», «Білім беру мекемелерінде басқару командаларын дамыту» тақырыптары талқылануда.

Соңғы жаңалықтар