Кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлеме бойынша демеуқаржы беру тетігі жеңілдетілді - БҚО

None
None
ОРАЛ. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен жиында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына енгізілетін өзгерістер сөз болды.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Дияс Жәнібековтің айтуынша, ең алдымен кәсіпкерлерге несие берген кезде пайыздық мөлшерлеме бойынша демеуқаржы бөлу тетігі жеңілдетіледі. Яғни жоба аймақтық үйлестіру кеңесімен мақұлданған жағдайда бекітілген болып есептеледі. Бұрынғыдай ҚР Экомикалық даму және сауда министрлігіне келісу үшін жіберілмейді. Бұл жобаны қарау мерзімін қысқартады. Бағдарламаға лизингтік келісімдерді демеуқаржыландыру шарттары енгізіледі. Екінші өзгеріс жұмысын жаңа бастаған, жаңа бизнес идеяларын жүзеге асырушы кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағытында шағын және орта бизнес нысандарын несиелеу кепілдігінің жаңа жүйесіне қатысты. Бұл жүйеде кепілдік көлемі, сол үшін төлем, жобаны қарау мерзімі, қамтамасыз ету бойынша талаптар өзгерді. Мәселен, жұмыс жасап отырған кәсіпкерлерге 60 млн. теңгеден 750 млн. теңгеге дейін несие бойынша 50 пайызға дейін көлемде кепілдік беріледі. Басқа да кепілдіктер бар.

Ал «Бизнес-насихат» жобасының мақсаты - тұрғындарды барынша көбірек қамтып, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мән-жайын түсіндіру. Бизнесті қаржылай емес қолдауға да мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отыр. Басқосуда сондай-ақ кәсіпкерлердің шетелдерде дәл сондай кәсіпорындарда тәжірибеден өтуі, ауылдағы кәсіпкерлік көкжиегін арттыру кеңінен сөз болып, пікір алысылды.

Соңғы жаңалықтар