Кәсіпкерлерге кепілсіз несие алу жолдары түсіндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында кәсіпкерлерге кепілсіз несие алудың жолдары түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, еліміздегі шаруаларға көптеген жеңілдіктер ұсынылуына орай, кәсіпкерлерге мол өнім алуға мүмкіндіктер ашылды және бүгінде өз нәтижесін беруде.

Осы орайда, кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен Арыс қаласымен қатар ауылдық округтерде тұратын кәсіп иелері мен ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге кепілсіз несие алу жолдарын түсіндіру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қоры акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттік бағдарламалар бөлімінің маманы М.Байсүгірованың қатысуымен жиын өтті.

Аталған жиынға қала әкімінің орынбасары Сапарбай Дәрібай, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н.Адамбеков, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің несие бөлімінің жетекші сарапшысы М.Қожабеков және кәсіпкерлер қатысты.

Жиынның мақсаты кәсіпкерлермен кездесіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер, несиелерді алу шарттары бойынша түсіндіру болып табылады. Кездесуде сала мамандары баяндама жасап, несие алудың оңтайлы тұстарын кәсіпкерлерге түсіндірді. Жиын барысында кәсіпкерлер көкейлерінде жүрген мемлекеттік бағдарламалар бойынша сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды.

 

 

Соңғы жаңалықтар