Кәсіпкерлерге арналған 1 млн теңгеден астам грант конкурсына қандастар да қатыса алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізге шетелден қоныс аударған этникалық қазақтар кәсіпкерлерге берілетін грантты жеңіп ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қандастар үшін қуанышты жаңалық! 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грантқа Business.enbek.kz порталында өтінім қабылдау басталады» деп мәлім етті «Отандастар қорының» баспасөз қызметінен.

Бизнеске арналған қайтарымсыз грант конкурсына қолдану мерзімі жарамды «қандас» мәртебесі бар азаматтардың қатысуына мүмкіндігі бар.

Грант мемлекетке қайтарылмайды, сомасы - 400 АЕК.

Толық ақпаратты мына сілтемедан немесе жергілікті жұмыспен қамту орталықтарынан алуға болады.




Соңғы жаңалықтар