Кәсіпкерлерге 90 меморганның 525 қызметі бір орталықтан беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «бір терезе» қағидаты арқылы бизнеске қажетті қызметтің барлық түрін бір орталыққа топтастырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоспары туралы айтып өтсем. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында «бір терезе» қағидатына сүйенген абзал. Осы мақсатта мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелердің бизнеске қажетті қызмет түрлерін бір орталыққа жинақтауды көздеп отырмыз. Осылайша, кәсіпкерлер 90 мемлекеттік орган ұсынатын 525 мемлекеттік қызмет түрін бір орталықтан ала алады», - деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, бұл қызметтердің барлығы да онлайн түрде Atameken Services порталында, сондай-ақ офлайн режімде де кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болмақ.

Айта кетсек, Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен бүгінгі брифингте «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылатынын хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар