Кәсіпкерлердің шағымдары қанағаттандырылды - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңестің көшпелі отырысын Шиеліде өткізуге аудандағы кәсіпкерлерден түскен шағым себеп болды. Атап айтқанда, Шиелі ауданы бойынша кірістер басқармасының жылдың қаржылық айналым көлемін 2,1 млн теңгеден негізсіз арттыру жөнінде талабына байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің арыздары қаралды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің төрағасы Ерлан Қожанов бұл мәселеге қатысты: «Кәсіпкерлердің шағымында көрсетілген деректер дәлелін тауып, шын мәнінде аудандық кірістер бөлімі қызметкерлерінің салық базасын ұлғайтуда базардағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық айналымдарын көбейтіп, қайтадан декларация тапсыру туралы талаптары болғаны анықталды. Кеңес шешімімен облыстық кірістер департаментіне және Шиелі аудандық прокуратурасына хат жолданып, кәсіпкерлердің өтініштері қанағаттандырылды», - деді.

Кеңесте қаралған келесі мәселе Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің әрекетсіздігіне және жер қатынастары саласындағы әкімшілік кедергілер туралы осы ауданның тұрғыны Ғафур Байдеудің өтініші.

Бұл мәселеде де кәсіпкерге мал жайылымына тиісті жер берілмей, оның 2 жыл көлемінде әуре-сарсаңға түскені анықталды. Осыған байланысты, Кеңеске қатысқан аудан әкімі аудандық жер қатынастары тарапынан болған кедергілерді растап, Ғафур Байдеуге сұраған жер телімін алуға тиісті көмегін жасады.

Бүгінгі күнде аталған кәсіпкер  жайылымдыққа 600 гектар жер алып, шаруасы алға басуда. Сонымен қатар, 200 гектар жер алу үшін  аукционға түсіп тағы да талаптанып жатыр.

Айта кету керек, 2018 жылы кеңестің 6 отырысы өткізіліп,12 мәселе қаралды. Бүгінгі күнге олардың 8-і оң шешімін тапты.

Соңғы жаңалықтар